What are you looking for?

ІІМ операциясы: бір аптада 110 келіден аса есірткі тәркіленді

29.03.2025

Кейінгі аптада Қазақстанның бірнеше қаласы мен облыстарында операциялар жүргізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 келі мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ, бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды көлікпен тасымалдаған екі адам ұсталған.

Абай облысында 27 жастағы ер адам ұсталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 келі болатын алты орам гашиш тастамақ болған.

Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден аса гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған.

"Бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден аса есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден аса синтетика, 9 келі гашиш, 22 келі марихуана және 68 грамм кокаин бар. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media