What are you looking for?

Қарағандыда «RoboLand-2025» халықаралық фестивалі басталды

29.03.2025

Қарағандыда дәстүрлі «RoboLand-2025» халықаралық фестивалі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Осымен оныншы рет ұйымдастырылған шараға Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Болгария, Ресей және Қазақстанның өнертапқыштары қатысып жатыр. Олар қандай тың дүние ұсынды?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- «RoboLand-2025» халықаралық фестиваліне қатысып жатқан команданың бірі – Иран. Бұл елдің өнертапшықтары адамға шұғыл жағдайларда көмек қолын созатын роботты жасап шығарған.

Надер Нобахт, команда менеджері (Иран):

- Біздің роботтар өрт немесе жер сілкінісін алдын ала хабарлайды. Бұл жобамен Қытай елінде өткен жарыста екінші орын алдық. Иранда бұл сала жақсы дамыған. Оны Қазақстаннан да байқап отырмыз.

Сайысқа 750 адам қатысып жатыр. Олар инженерия, инновация, жасанды интеллект салаларындағы тың жобаларын ұсынды. «Үздігін таңдау оңай емес», — дейді қазылар алқасы. Өйткені бұл жарысқа озаттары ғана жолдама алған.

Есбол Арынов, сайыстың бас төрешісі:

- Бүгінгі таңда өткен роболендпен салыстыратын болсақ, бізде жаңа тағы да категорияларды қосқан болатынбыз жарыстар. Ол жерде бізде теңге алу өткен жылдары болса, биыл біз садақ атуды қосып отырмыз. Ол біздің қазақ осы халқының дәстүрін балалар білу үшін. Біздің қандай ойындар болды кезінде. Соны дәріптеу мақсатында қосылып отыр.

Сайысқа жолдама алғандардың бірі – Айдар Бақытов. Ол командасымен бірге заттарды орнына қоятын роботты ойлап тапты. Бұл жоба Қазақстанда үздік деп танылды. Енді халықаралық деңгейде бағасын алмақ.

Айдар Бақытов, сайысқа қатысушы:

- Робототехникада бізге не ұнайды? Яғни, бұл робототехника біздің әртүрлі бағытта дамытады бізді. Ертең мысалы, бір университеттерге түскенде бұл бізге пайдалы болады. Біз ана жылы Америкаға барып, 3 орын чемпиондықты алдық.

Халықаралық сайыс екі күнге жалғасады. Онда оқушылардың ғана емес, оқытушылардың да деңгейі сыналады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Лиана Жамлиханова, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Social Link

Follow Me On Social Media