What are you looking for?

Ердоған мен Путин телефон арқылы сөйлесті

29.03.2025

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты және өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік дағдарыстарды шешудегі шешуші рөлін атап өтіп, Анкараның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған үдерісті мұқият бақылап отырғанын жеткізді.

Түрік көшбасшысының айтуынша, Анкара Украинада тұрақты бейбітшілік орнату жолында, соның ішінде бейбіт келіссөздерді ұйымдастыруға қатысты кез келген қолдауға дайын. Ердоған сондай-ақ Түркия Қара теңіздің қақтығыс аймағына айналуына жол бермеу үшін күш салып жатқанын да атап өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media