АҚШ билігі Оңтүстік Африка Республикасына қаржылай көмек көрсетуін тоқтатты.
Бұған елдегі нәсілшілдік пен адам құқықтарының бұзылуы себеп.
Сондай-ақ былтыр жергілікті биліктің БҰҰ-ның халықаралық сотына Израильге қарсы түсірген арызы да түрткі болған. Еврей елі АҚШ-тың одақтасы. Сондықтан Дональд Трамп бұл шағым американдықтардың ұстанып отырған сыртқы саясатына нұқсан келтіретінін айтады. 2023 жылы ресми Вашингтон Оңтүстік Африка Республикасына түрлі бағдарламалар аясында шамамен 450 миллион долларға көмек көрсеткен.