What are you looking for?

Шымкентте екі қабатты дәмхана өртенді

30.03.2025

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Шымкенттегі Асар шағын ауданында екі қабатты дәмхана ғимаратының жертөлесі өртенді. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жоғары температура мен көзге түртсе көрінбейтін қою түтіннен өрттің қай жерден шыққанын анықтау қиын болған.

Алайда, өрт сөндірушілер тілсіз жауды дереу оқшаулаған.

Ведомство автомобиль бөлшектері мен майлар сақталған жертөледен шыққан дейді.

Social Link

Follow Me On Social Media