What are you looking for?

Еуропа жазғы уақыт белдеуіне көшті

30.03.2025

30 наурызда Еуропада сағат тілі алға жылжыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 наурыз күні таңертең еуропалықтар жаңа сағат белдеуімен оянды. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды.

Жылына екі рет қайталанатын бұл уақыт өзгерісі көптен бері пікірталастар тудырып, Еуропалық одақ институттарында бірнеше рет талқыланды. Жазғы уақытқа көшуді тоқтатуға талпыныстар болғанымен, бұл дәстүр әлі де сақталып келеді. Осылайша, наурыздың соңғы жексенбісінде Еуропа тағы да жазғы уақытқа көшті.

Жазғы уақытты енгізудің тарихы мен себептері

Жазғы уақыт алғаш рет Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда енгізілді. Оның негізгі мақсаты электр энергиясын үнемдеу үшін күндізгі жарықты барынша тиімді пайдалану болды. Кейін бұл тәжірибе бүкіл Еуропаға тарады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елдер сағат тілін қайта жылжыта бастағанымен, соғыстан кейін бұл тәжірибеден уақытша бас тартты.

Алайда 1970-жылдардағы мұнай дағдарысы Еуропа елдерін электр энергиясын үнемдеу жолдарын қайта қарастыруға мәжбүр етті. Сол кезден бастап жылына екі рет сағат тілін ауыстыру тұрақты тәжірибеге айналды.

Social Link

Follow Me On Social Media