What are you looking for?

Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген

31.03.2025

Теміртауда бірнеше жасөспірім 67 жастағы зейнеткердің пәтеріне алдап кіріп, оны аяусыз ұрып-соғып, бұл жайтты видеоға түсірген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда жасөспірімдер зейнеткердің бетінен ұрып-соғып, түкіріп, балағаттағаны көрінеді.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер өздерін электрик ретінде таныстырып, пәтерге кірген.

Қарағанды облысы Полиция департаменті өкілі жасөспірімдер анықталғанын мәлімдеді.

"Кінәлі адамдар, соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері жауапқа тартылады", — деді ведомство өкілі.

Барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media