What are you looking for?

Мектепте жаңа лауазым пайда болады

31.03.2025

Елдің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс әрі саналы түрде таңдауы – білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта енгізілген жаңа бастама – педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы, білім алушыларға ерте кезеңнен бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс тиімділігін арттыруға арналған.

Бұл лауазым иесінің негізгі міндеттері – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету, кәсіби кеңес беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпаратпен бөлісу. Сонымен қатар, педагог-кәсіптік бағдар беруші түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыспен қамту орталықтары, колледждер мен кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатады.

Министрлік бұл жаңашылдықтың жастардың білікті де, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына серпін беретінін атап өтуде. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, оқушыларды еңбекке бейімдеуге де оң әсер ететініне сенім білдіріп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media