What are you looking for?

Теміртауда жасөспірімдер зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

31.03.2025

Желіде теміртаулық жасөспірімдер жалғызбасты ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны Telegram-дағы egovpress арнасы жариялады.

Жазбада видео Теміртауда түсірілгені айтылады. Онда кәмелетке толмағандар жалғызбасты зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оны ұрып-соққан сәтін видеоға түсірген.

"Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұзақылар ер адамды алдап, өздерін электрикпін деп таныстырып, есікті ашуға мәжбүрлеген. Зейнеткер жалғыз тұрады, оның туыстары қайтыс болған", — делінген жазбада.

Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына жасалған шабуыл фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл оқиғаны учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық жұмыс аясында, видео әлеуметтік желіде жарияланғанға дейін анықтады. Барлық кінәлі тұлға, соның ішінде кәмелетке толмағандар да анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлады полициядағылар.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапқа тартылады, деп сендірді ведомство өкілдері.

Барлық жасөспірім профилактикалық есепке алынған. Тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Social Link

Follow Me On Social Media