Жуырда Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адамды ұстаған еді. Ол кішкентай қыздарға жыныстық сипатта азғындық жасап, балалар порнографиясын жазу үшін қыздары бар аналармен келісімге отырып, балаларды сатып алған , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін редакция Қарағанды облысының полиция департаментіне сұрау жолдаған еді. Белгілі болғандай, күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және кәмелетке толмағандар саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Аталған қылмыстық әрекет наурыз айының басында Қарағанды қаласында болған. 60 жастағы ер азаматқа өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын сатқан 24 жастағы азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Азаматша өзінің танысына да баласын сатуға үгіттеген, алайда оған жол бермедік», — деп жауап берген облыстың полииция департаменті.
Атап өткеніміздей, қазір қылмыстық кодекстің екі бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.