What are you looking for?

1 сәуірде Қарағандыдан Балқашқа жаңа автобус бағыты іске қосылады

31.03.2025

Бастапқы пункттен соңғы пунктке дейінгі жол жүру құны – 4000 теңге.

Жазғы туристік маусым қарсаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қарағандыдан Балқашқа дейінгі жаңа бағытты апробациялауды бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағанды – Ақтоғай – Балқаш бағытындағы автобустар осы жылдың 1 сәуірінде желіге шығады. Олар күн сайын жұмыс істейтін болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, маршрут алғаш рет іске қосылуда. Шешім облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тапсырмасымен және тұрғындардың өтініштеріне жауап ретінде қабылданды.

Ақтоғай ауданының әкімдігінде атап өткендей, автобус қатынасы елді мекендер арасында қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді.

– Бұл біздің тұрғындар үшін көптен күткен бағыт, – деді Ақтоғай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әнел Қуандық. – Автобус Кежек, Жалаңаш, Үшарал, Сәуле, Жетімшоқы, Сарытерек, Ақтұмсық, Нарманбет, Қарасу елді мекендері арқылы өтеді.

Екі ай ішінде жолаушылар ағынына талдау жасалады.

Тасымалдаушы – № 2 Қарағанды автобус паркі.

Social Link

Follow Me On Social Media