What are you looking for?

Алаяқтар жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарды алдауға көшті

31.03.2025

Қазақстандықтарға WhatsApp арқылы Ozon интернет-дүкеніне жұмысқа шақыру туралы ұсыныс келіп түсуде.

Күніне 30-60 минут қашықтан жұмыс істеп, 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейін табыс табуға болады екен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте, хабарландыруда еңбек жағдайы туралы ештеңе айтылмаған және байланысу үшін Ұлыбритания коды бар телефон нөмірі көрсетілген.

Жалған бос жұмыс орындары туралы хабарламаны Ozon маркетплейсі 2022 жылы өзінің Telegram-дағы ресми парақшасында ескерткен.

"Жалдау менеджерінен" телефонға Ozon-да жұмыс істеуге шақыратын SMS келеді. Бұл өте тартымды ұсыныс болып көрінеді: жұмысты қашықтан істеуге болады, жалақысы жоғары, оны күн сайын төлейді. Хабарламада көрсетілген контактілерге жазсаңыз болды. Одан әрі алаяқтық схема жүзеге асырылады. Алдымен, аздап ақша аударуыңызды сұрайды. Мұны әр жолы әртүрлі түсіндіреді: агенттік жарна, сатушының рейтингін көтеру және т. б. Озон жұмысқа қабылдаған кезде үміткерлерден ешқашан ақша алмайды. Банк картасының деректерін немесе қандай да бір ресурстарға тіркелуді сұрамайды. Сондай-ақ iMessage арқылы жұмысқа шақыру туралы ұсыныс жібермейді, Telegram сілтемелері арқылы өтуді өтінбейді. Кейде job.ozon.ru ресми ресурсына апаратын қысқа сілтеме жібереді", – делінген Ozon ресми мәлімдемесінде.

Мамандар компаниялардың корпоративтік сайттарында немесе жұмыс іздеуге арналған тексерілген платформаларда орналастырылған ұсыныстарға жауап берген қауіпсіз болатындығын ескертті.

Social Link

Follow Me On Social Media