What are you looking for?

«Түрксой» бас хатшысы: Ақтау шаһарын дүниежүзіне таныту керек

31.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Алаш жұртының ақ маржаны, әсем де көрікті шаһар – Ақтауды дүние жүзіне таныту керек. Қаланың Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы тегін емес. «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев осылай дейді. Оның сөзінше, шаһарда өтетін шаралар арқылы бауырлас елдердің рухани-мәдени байланысы артып, ұлттық құндылықтар насихатталады. «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылуына орай өтетін салтанатты жиынға Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан елдерінен 500-ге жуық өнер майталманы қатысады. Сондай-ақ жоба аясында ірі мәдени іс-шаралар мен халықаралық фестивальдер ұйымдастырылады.

Сұлтан Раев, «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы:

Мәдени астана деп жариялауымыздың мақсаты: Ақтау – мәдени жетістігімен, мәдени қазынасымен де Қазақстанның өзгеше бір жері. Біз Ақтауды дүниеге танытуымыз керек. Ақтау жалпы түркі дүниесінің алтын көпірі болып мәдени байланысымызды біріктіріп, керемет өлке ретінде дүниеге танылады.

Жазира Оразқызы

Social Link

Follow Me On Social Media