What are you looking for?

Алматыдан 178 км жерде жер сілкінді

01.04.2025

2025 жылдың 31 наурызында сағат 12:25-те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалары Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстандық сейсмологтардың мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 4 баллға жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысын 5 баллдық жер сілкінісі болған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media