What are you looking for?

Астаналық спортшылар Финляндиядан табысты оралды

01.04.2025

Астаналық спортшылар Финляндияның Эспоо қаласында өткен пара-жеңіл атлетикадан Virtus Open European Athletics Indoor Championships 2025 турнирінде табысты өнер көрсетіп, елге жеңіспен оралды. Жеңімпаздарды Астана әуежайында ата-аналары мен жақындары зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы атынан II3 санатындағы (аутизм) астаналық спортшылар Дастан Ордабай, Азамат Әшірбай, Дмитрий Шарай және Мәди Жақып жарыс жолына шықты. Турнир Эспоо қаласындағы Kameleonten спорт кешенінде өтіп, оған 13 елден 200-ден астам спортшы қатысты.

Бұл елордалық спортшылардың халықаралық аренадағы алғашқы жарысы болды. Олар Еуропаның ең мықты спортшыларымен, оның ішінде Париждегі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерімен бәсекеге түсіп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.

Жігіттеріміз үшін бұл – халықаралық аренадағы алғашқы үлкен қадам. Олар Паралимпиада жүлдегерлері сынды Еуропаның үздік спортшыларымен сайысып, ел намысын лайықты қорғады. Бұл турнир біз үшін Паралимпиада циклінің сәтті бастамасы болды. Ендігі мақсатымыз – Халықаралық Паралимпиада комитетінің (IPC) рұқсатымен өтетін келесі жарыстарға қатысу, – деді Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК басшысы Дина Темірғалиева.

Бұл турнир елордалық спортшылардың халықаралық аренадағы алғашқы қадамы болғанымен, олар аутизм диагнозына қарамастан, өздерінің дертін еңсеріп, әлемдік деңгейде Қазақстанды лайықты танытып келеді және алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетеді деген сенім мол.

Social Link

Follow Me On Social Media