Өзбекстанның Әндіжан облысындағы Ізбасқан ауданында орналасқан мешіттің дәретханасында газ-ауа қоспасынан жойқын жарылыс болып, салдарынан 3 адам опат болды, 10 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орын алған жерге бірден екі құтқару тобы, екі өрт сөндіру және құтқару бригадасы аттанған. Жарылыс нәтижесінде дәретхананың қабырғасы мен шатырына зақым келіп, бірақ өрт шықпаған.
Қазір осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.