0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Бүгін — композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Қазақтың біртуар перзенті — 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде халық әндері мен күйлерін оркестрмен орындаудың үлгісін жасаған.
Сондай-ақ дәулескер күйші «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің негізін қалады. Күй құдіретін жүрекке жеткізген композитор 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық, 14 деректі-хроникалық фильмдерге музыка жазған. Артында өшпес із қалдырған дара тұлға осылай қазақ өнерін әлемге әйгілеп, есімі тарихта қалды.
Дархан Рахымжан