Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Ақтөбе қаласының тұрғындары орнатылмаған жеделсаты үшін қаржы төлеуге мәжбүр болған. 120 пәтерлі үйге терможаңғырту жұмыстарына 120 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген.
Ең қызығы, бұл үйде ешқашан жеделсаты болмаған, ал мердігер мекеменің құжатында жаңасы салынды деп көрсетілген. Жөндеу жұмыстары үшін пәтер иелері ай сайын 8-ден 16 мың теңгеге дейін төлейді. Тұрғындардың айтуынша, шатыр мен кіреберістері және жылу жүйесі жөнделген. Бірақ сапасына қатысты сын көп. Құрылыс компаниясы осы уақытқа дейін ақауларды жойдық деп отыр. Жеделсатыға қатысты ішкі бухгалтерлік есептерде ғана қате мәлімет кеткен, ал сметалық құжатта ол көрсетілмеді дейді. Соған қарамастан тұрғындар мердігер мекеменің үстінен сотқа арызданбақ.
Жақсыбек Кемал