What are you looking for?

Қызылорда облысында 177 шетелдік елден шығарылды

01.04.2025

Жыл басынан бері Қызылорда облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының шешімімен 177 шетелдік әкімшілік жолмен республика аумағынан шығарылды.

Жыл басынан бері көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 4142 шетелдік уақытша тіркеуге алынды. Олардың 4093-і ТМД елдерінен, ал 49-ы алыс шетелдерден келген.

Көші-қон заңнамасын бұзған 276 шетелдік анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 105 шетелдік белгіленген мерзімнен (10 тәуліктен асқан) кейін елден шығудан жалтарғаны үшін 517-баптың 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

177 шетелдік әкімшілік жолмен Қазақстан аумағынан шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 181 Қазақстан Республикасының азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Ал шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың елімізде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруына жол бергені үшін 27 Қазақстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Social Link

Follow Me On Social Media