Елде дербес деректерге қол жеткізуді бақылау бойынша мемлекеттік қызмет іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір ол ақпараттық жүйелердің 70%-тен астамын қамтып отыр. Сервис, деректерге азаматтың келісімін алғаннан кейін ғана қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Онда Премьер-министр интернет-алаяқтық мәселесіне жіті тоқталды. Әсіресе, азаматтардың дербес деректерінің сыртқа шығуына қарсы күрес мәселесіне назар аударды. Олжас Бектенов жеке ақпараттың таралып кетуіне жол бергені үшін жазаны күшейту қажеттігін атап өтті.