Гренландияның жаңа премьер министрі: «Ешқашан АҚШ құрамына қосылмаймыз», - деп мәлімдеді .
Сондай-ақ Йенс-Фредерик Нильсен алдағы уақытта Дания корольдігінен шығатынын айтқан. 33 жастағы саясаткер партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен соң өткен аптада үкімет басшысы қызметіне кіріскен болатын. Оның фракциясы Даниядан біртіндеп тәуелсіздік алу ұстанымын қолдайды. Нильсен алғашқы баспасөз мәслихатында сыртқы қысыммен тиімді күресу үшін ішкі саяси бірлікті нығайтуымыз керек деген.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны өз бақылауымызға аламыз деп бірнеше мәрте мәлімдеген еді.
Йенс-Фредерик Нильсен, Гренландия премьер-министрі:
- Гренландия ешқашан да Американың отары болмайды. Бізге сый-құрмет болғанын және саудаласқанды қалаймыз. Әрине, бізге ұлттық қауіпсіздік бойынша нық әріптестік керек. Бірақ өзара сый-құрмет болғаны абзал. Алайда біз ешқашан америкалық болмаймыз. Сондай-ақ біздің дат та болғымыз келмейді. Біз тәуелсіз болуды қалаймыз.