Рамазан айының алты күнінде 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің 35 жылдығына орай биыл "Рамазан сыйы" қайырымдылық марафонын қолға алды. Оның аясында "35 мың азық-түлік себетін тарату" акциясы жүзеге асырылып жатыр. Игі жоба жыл бойы жалғасады.
"Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Рамазан айын ерекше дайындықпен қарсы алған. Ағайынның басын қосып, ауызашар беру, жарапазан айтып, үлкеннің батасын алу, қиналған жандарға қол ұшын беріп, алғысына бөлену – халқымыздың сан жылдардан бері орындап келе жатқан игі амалдарының бірі. Бұл дәстүр мешіттерімізде де жоғары деңгейде жалғасып келеді. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша "35 мың азық-түлік себетін тарату" акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі", – деді бас мүфти.
Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Ораза-2025: Сәресі мен ауызашарда оқитын дұғалар