0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Қарағандыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Әскерилер биыл 100-ге келетін соғыс ардагері, мерген Мария Шинкевичті құттықтады. Ғасыр жасаған майдангер, көзіне жас алып, естеліктерін бөлісті. Ал Қарағанды және Ұлытау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті өкілдері тыл ардагері Раиса Гончарикке құрмет көрсетті. Талай жыл осы салада еңбек еткен зейнеткер 8-наурыз күні қос мерекені атап өтпек. Себебі ол күні 94 жасқа толады. Ардагерлерге арналған шарада оркестрмен ән шырқалап, сарбаздар қарт майдангерлердің есігі алдынан сап түзеп өтті.
Шерхан Сейітханұлы, 31775 әскери бөлімі бригада командирінің орынбасары:
Ондай батыр аналарымызды әр өскелең ұрпақ білуі керек. Бұл бірінші рет және соңғы емес. 7 мамырда, Жеңістің 80 жылдығында батыр ана, аталарымызды құттықтаймыз деген ойдамыз. Олар батырлықпен ақ найзаның ұшымен кең байтақ жерімізді алып қалды.
Жандос Бақытұлы