Қазір Қазақстанда шетелден жұмыс күшін тарту ісін пайдаланатын 1808 жұмыс беруші бар.
Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,1%-ы, деп жазады inbusiness.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
"Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2379 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшін тартуға негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4392 және 1037 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 271 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3637 адам тартылды", – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазақстанда 14 283 шетел азаматы жұмыс істейді.
Министрліктің мәлімдетінше, шетелдіктер еңбек ететін салалар төмендегідей:
- Құрылыс – 5027 адам;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2271 адам;
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1329 адам;
- Өңдеу өнеркәсібі – 1252 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5054 адам, Өзбекстан – 1926 адам, Түркия – 1079 адам, Үндістан – 1078 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөледі.
2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.