What are you looking for?

Джеки Чан ресми түрде тағы бір атаққа ие болды

30.05.2025

Әлемге танымал актёрді WKF бас хатшысы Тошихиса Нагураның өзі жеке құттықтап, қуанышына ортақтасты.

Сүйінші жаңалықты Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) сайты растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Голливуд фильмдерінің жұлдызы Джеки Чан каратэден ресми түрде қара белбеу атанды. Символды табыстау рәсімі Нью-Йорк қаласында "Karate Kid: Legends" жаңа фильмінің премьерасы барысында ұйымдастырылды. Чаннан өзге оның әріптесі Ральф Маккьо да қара белбеуді иеленді.

Кино көрсетіліміне және марапаттау іс-шарасына Олимпиада қатысушысы, каратэден АҚШ чемпионы Томас Скотт та қатысқан. Мерекелік жиын WKF мен "Karate Kid: Legends" франшизасын жасаушылар арасындағы серіктестіктің бір бөлігі деуге болады.

Айта кетейік, "Karate Kid: Legends" фильмі әлем бойынша 8 мамырда көрерменге жол тартады. Аталған туындыда Чан мен Маккьо жас талант Ли Фонгтың (Бен Ван) Нью-Йоркке бейімделуіне, каратэ турниріне қатысуына көмектеседі.

Онда тәжірибелі жекпе-жек шеберлерін ойнап, көрсетеді. Фильмнің режиссёрі – Джонатан Энтуистл, сценарийін Роб Либер жазған.

Social Link

Follow Me On Social Media