What are you looking for?

Әскерде борышын өтеу үшін ауруын жасыратындар бар

07.03.2025

Былтыр 230 қазақстандық денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен босатылған.

Мамандар кейбір жас сарбаздардың әскерге келгенше өз ауруынан мүдем хабарсыз болатынын айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарулы Күштердің бас әскери-медициналық басқармасы бастығының орынбасары Берік Ілиясовтың сөзінше, кейде жастардың түрлі сырқаты физикалық жүктемелерден кейін ғана анықталады.

– Жас сарбаздың еш жері ауырмай, тіпті өзінің сырқаты барынан да хабарсыз болған жағдайға кез болғанбыз. Кейде, керісінше, әскерде борышын өтеу үшін ауруын жасырып қалады. Әскерде түрлі жүктемеден кейін кей сырқаттар асқынады. Ал біз ондай сырқаттарды емханадағы тексерістен кейін ғана анықтаймыз, – дейді ол.

Осылайша, Қорғаныс министрлігі жастардың не себепті әскерке шақырылып, содан кейін әскери қызметтен босатылатынын түсіндірді.

Тіпті, кей жағдайда сарбаздар әскерге дейін де ауырып жүреді. Десе де, алғашқы тексеру кезінде дәрігерлердің сырқатты байқамай қалу мүмкіндігі жоғары саналады.

Social Link

Follow Me On Social Media