What are you looking for?

Президент Балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды атаулы датамен құттықтай отырып, еліміз балаларға барынша қолайлы жағдай жасатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.

Жыл сайын жаздың алғашқы күні, яғни, 1 маусым әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media