What are you looking for?

Бүгін Ресей мен Украина келіссөзінің екінші кезеңі басталады

02.06.2025

Ыстамбұлда Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздің екінші кезеңі өтеді.

Қос тарап бұл жолы нақты ұсыныстарды жазбаша түрде ұсынуға міндетті, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ең басты мақсат – соғыс қимылдарын тоқтату мүмкіндігін қарастыру. Бүгінгі кездесу Долмабахче сарайында емес, Чираған сарайында өтеді. Жоспар бойынша келіссөз жергілікті уақытпен сағат 13:00-де басталады. Бұл Астана уақытымен түскі 15:00-тер шамасы. Ресей делегациясы Ыстамбұлға кеше кешкісін жетті. Украин тарапы да толық құрамда дайын отыр.

Бұл – кейінгі 3 жылда алғаш рет қайта жанданған диалогтың жалғасы. Алғашқы раунд екі апта бұрын өтіп, "1000-ға 1000" формуласы бойынша әскери тұтқындар алмасумен аяқталған еді. Ол уақытта 3 күн ішінде 1800-ден астам адам үйіне оралды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айуынша, келіссөзде меморандумдар алмасу – кездесуден күтілетін басты үміттің бірі.

Social Link

Follow Me On Social Media