Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек.
Пәтерін жалға беретіндер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, декларация тапсыруға тиіс, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Демек, жалдамалы пәтердің иесі үйін өткізгені үшін салық төлейді. Мәселен, азамат баспанасын 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2 400 000 мың деп есептеледі. Осылайша, дәл осы соманың 10 пайызы ұсталады.
"Тұрғын үйді жалға беруде кәсіп, ал бәрі заң аясында болуы үшін табыс тапқан азаматтар салық төлеуі керек. Алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы. Одан бөлек, азаматтар жыл сайын жалға беруден түскен кірістер мен мүлік туралы декларацияны келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға және 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті болады", – делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, 10 пайыздық мөлшерлемеге зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдер, медициналық сақтандыру кірмейді.
Дегенмен, бұл жүйені халықтың бірі дұрыс десе, енді бірі пәтер құнына кері әсер етеді дейді.
Related items