What are you looking for?

Украина Ресейдің әскери аэродромдарына шабуыл жасады

02.06.2025

Сарапшылар мұны жойқын шабуылдардың бірі деп атап отыр.

1 маусым күні Украина Ресейдің әскери аэродромдарына дрондармен жаппай шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл Ресейдің Мурманск облысындағы Оленья және Иркутск облысындағы Белая әскери аэродромдары.

DW хабарлауынша, Украинаның арнайы қызметі жүргізген "Паутина" операциясы барысында 40-тан астам ұшақ жойылды. Олардың қатарында Ту-95, Ту-22 және А-50 бар. Шығын сомасы 2 миллиард доллардан асуы мүмкін.

"Бұл – Ресейдің стратегиялық Қарулы күштеріне қарсы бағытталған ең ірі шабуыл. Алдын ала мәліметке сәйкес, 10-ға дейін ұшақ жойылған. Суреттерден көптеген стратегиялық Ту-95 ұшақтары жанып жатқанын көруге болады. Ресейден қарымта жауап болуы мүмкін", — деп жазды әскери сарапшы Юлиан Рёпке.

Шабуыл Ресей мен Украина арасындағы Ыстанбұлда өтетін бейбіт келіссөздер қарсаңында жасалды.

Social Link

Follow Me On Social Media