What are you looking for?

СІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісі туралы: Біз қажет дегеннің барлығын жасадық

02.06.2025

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылы 2 маусымда өткен брифинг барысында Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау үшін қандай шаралар қолданылғалы жатқанын айтты. Ол Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша жұмыс Бас прокуратураның желісі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Біз қажет дегеннің барлығын жасадық. Бұдан арғы жұмыстармен Бас прокуратура айналысады. Атап айтқанда, ақпарат алмасу жүреді. Біздің консулдың міндет і- шетелде түрмеде отырған азаматтарымызға барып, жағдайын білу. Сондықтан бұл тұрғыдағы жұмыстар жүргізілуде", — деді ол.

2024 жылғы 31 қазанда Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бас прокуратура ҚР СІМ-мен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Ол сол кезде Ақжарқын Тұрлыбайдан өзіне кесілген жазаны елімізде өтегісі келетіні туралы өтініш түскенін жеткізген.

Social Link

Follow Me On Social Media