What are you looking for?

Өскеменде ер адамды ұрып өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды

02.06.2025

Оқиға барысында бір топ адам ер азаматты ұрып-соғып, ауыр соққы салдарынан ол көз жұмған.

Өскемен қаласында бірнеше жігіт арасында туындаған жанжал соңы қайғылы оқиғаға ұласты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кейін олар мәйітті Абай даңғылы бойындағы аурухана маңына апарып тастап кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media