What are you looking for?

"Бір адамға шұғыл ота жасалуда". Астанада автобус жол апатына ұшырап, 10 адам зардап шекті

03.06.2025

Оқиға бойынша тергеу басталды .

Астанада полиция 2 маусымда Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, салонында жолаушылары бар автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, ақпараттық тақта ілінген бағанға соғылған.

«Жол апаты салдарынан зардап шеккендер бар. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, барлық жағдайлар анықталатын болады», — деді полиция департаменті.

Social Link

Follow Me On Social Media