Аргентинада жалақының аздығына наразы медицина қызметкерлері шеруге шықты. Жұрт Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдына жиналып, еңбекақы мөлшерін көтеруді талап етті.
Олардың айтуынша, Аргентинада медицина қызметкерлерінің айлығы шайлығынан аспайды. Өзге елдермен салыстырғанда 4 есе аз. Аргентинада ақ халаттылардың орташа еңбекақысы 500 доллар. Сондай-ақ шерушілер медицина саласын қаржыландыруды ұлғайтуды сұрап жатыр. Өйткені ауруханаларда дәрі-дәрмек тапшы. Медициналық құрылғылар да ескірген.