What are you looking for?

Автокөлігіңізді тиімді қорғау жолы қандай

03.06.2025

Заманауи КАСКО — кез келген апатты жағдайда құтқаратын сақтандыру емес, уақыт, ақша мен жүйкені сақтап қалатын "ақылды" құрал. Цифрлық сервистің арқасында полисті рәсімдеуге небәрі жарты сағат уақыт кетеді. Ал сақтандыру оқиғаларының өтемақысын жөндеу жұмысы аяқталмай жатып та алуға болады. Сонымен, автокөлікті оңай әрі тиімді сақтандырудың жолы қандай?

Бүгінде сақтандыру компаниялары КАСКО полисін мейлінше ыңғайлы ету үшін заманауи технологияларды қолдануда. Сақтандыру компанияларының сайттарындағы онлайн-калькуляторлар бірер минутта автокөлігіңіздің маркасын, пайдаланған мерзімін, тіпті тұратын ауданыңызды да ескеріп, полис бағасын шығарып береді. Арнайы чат-боттар мен колл-орталықтар сұрақтарға жауап беруге дайын.

Бұдан былай, қолданылмайтын опциялар үшін төлеудің қажеті жоқ. Заманауи полистер қатерлерді баптау жүйесін оңтайландырған. Мысалы, сіз су тасқынынан, мұз сүңгілерінің құлауынан, тұратын аумағыңыздың климатына байланысты құмды дауылдардан қорғану опцияларын қоса аласыз. Не болмаса 20 жылға дейінгі автокөлікті жол-көлік оқиғасынан (соның ішінде, көлік иесінің кінәсі болса да өтемақы төленеді) сақтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламаларды таңдауға болады. Олардың бағасы жылына 30-40 мың теңгеден басталады.

Қазір сақтандыру компанияларының көбі полисті мобильді қосымша арқылы рәсімдейді. Өтемақы беру өтініштері де осы жолмен қабылданады. Зақымданған көліктің фотолары мен құжаттарды жүктесеңіз жеткілікті. Сонымен қатар автокөлік аяқ астынан сынып және т.б жағдайлар болса, сақтандыру компаниясының сервистік әріптестері көлікті эвакуациялап, жөндеу жұмыстары бітпейінше орнына басқа көлік береді. КАСКО-ның кей бағдарламаларына осының бәрі полис бағасына кіреді.

Сондай-ақ сіз сақтандыру оқиғасы болған жағдайда өздігіңізден төлейтін франшиза көлемін таңдай аласыз. Ол сома бекітілген немесе пайыздық болуы мүмкін. Залалға байланысты 0-ден 10% дейін. Жаңа көліктерге нөлдік франшизаны алған тиімдірек. Ал көбірек пайдаланған көлікке франшизаның жоғары бағасын таңдап, жыл сайынғы төлемдерді азайтуға болады. Кейбір сақтандыру компанияларында авто иесі ЖКО-на кінәлі болмаса, франшиза мүлде қолданылмайды.

Сақтандыру компаниялары тұтынушыларды көбірек тартуға мүдделі.Сол себепті түрлі артықшылықтарды ұсынады. Мысалы, ЖКО болмаған жағдайда кэшбэк төленеді (сақтықпен айдаудың да тиімділігі бар). Отбасылық көліктерді бір полиске тіркеу үшін, полисті бірнеше жыл қатарынан ұзартқан тұтынушылар үшін жеңілддіктер қарастырылған.

Мұнымен қоса автокөлігіңіздің жасы неғұрлым төмен болса, сақтандыру шарттары соғұрлым тімді. Дербес шарттармен қанша ақша үнемдеуге болатынын дәл қазір тексеріп көруге болады. Бәлкім, КАСКО сіз ойлағаннан арзан болуы мүмкін.

Заманауи КАСКО қатерлерді басқаруға мүмкіндік беретін құрал. КАСКО-ны таңдай отырып, сіз көлігіңізді сақтандырумен қатар, уақыт пен жүйкеңізді сақтап қаласыз. ЖКО немесе басқа да қайғылы жағдай бола қалса, сіз тақырға отырмай, келген зазалдың орнын толтыратын өтемақы аласыз.

Social Link

Follow Me On Social Media