Бүгін, 2025 жылғы 3 маусымда, Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды. Zakon.kz тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мұнаралы кранның құлағанын растады.
ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам көз жұмды.
"Шақыру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен өзге де тиісті қызметтер дереу оқиға орнына жіберілді", — деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдай сағат 16:00 шамасында болғанын нақтылады.
"Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты. Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.