What are you looking for?

Қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады

03.06.2025

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйым жариялаған тізімге Қазақстаннан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізетін болады.

Әлем чемпионаты 13–21 қыркүйек аралығында өтеді.

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық мамандар Парижде өткен Олимпиада ойындарына төреші ретінде шақырылған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media