What are you looking for?

Түркістан облысында қаңлы жауынгерінің зираты табылды

03.06.2025

Археологтар еліміздің оңтүстігінде ежелгі қаңлы дәуірінде өмір сүрген жауынгердің зиратын тапты.

Батырдың бес қаруы, ат әбзелдері және тұрмыстық бұйымдары бірге қойылған. Ғалымдардың болжауынша, жауынгер шамамен 2 мың жыл бұрын жерленген. Мазардың көлемі мамандарды таңқалдырды. Жерлеу камерасына апаратын дәліздің ұзындығы 10 метр, тереңдігі 5 метр, күмбезі де биік. Профессор Александр Подушкин жауынгердің өз заманында беделді әрі мәртебелі тұлға болғанын айтады. Бұған дәлел ретінде қорымнан табылған ат әбзелдері – жүгені мен тартпа бөлшектерінің ерекшелігін айтуға болады. Қазба жұмыстарын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогика университеті жанындағы археология орталығы мен «Ордабасы» ұлттық мұражай-қорығы бірлесіп жүргізіп жатыр. Ғалымдар «Төлебай Төбе» аталатын қалашықты бірнеше жылдан бері зерттеп жүр.

Александр Подушкин, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры:

- Қаңлы мемлекетін соңғы археологиялық деректерге сүйене отырып, кейінгі сақтар, сарматтар және ғұндар сияқты көшпелі тайпалар құрған қуатты саяси құрылымдардың қатарына қоюға болады. Біз олардың биік өркениетті, заманындағы дамыған елдердің бірі деп айта аламыз. Бұл уақыт қазақтардың этногенезінің алғашқы кезеңдерімен байланысты.

Social Link

Follow Me On Social Media