What are you looking for?

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатына дайындығы туралы айтты

03.06.2025

13-20 маусым аралығында Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова ҰОК-нің ресми сайтына білдірген пікірінде дайындығы мен әлем біріншілігіндегі басты қарсыластары жайлы айтып берді.

Әлем чемпионатына дайындық жоспарға сай жоғары деңгейде әрі қарқынды өтуде. Қазіргі сәтте бабымдамын және толық дайынмын деп айта аламын. Алдымен Испанияда оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Бұл жаттығу процесі өте нәтижелі болды, физикалық және техникалық тұрғыда жақсы қалыпқа келдім. Қазір дайындықтың соңғы кезеңін өз елімізде жалғастырып жатырмыз. Бұл кезеңде бар назар қозғалыс дәлдігі мен тактикалық әрекеттерді пысықтауға бағытталған. Жаттығулар жүйелі әрі мақсатты түрде өтуде, — деді Абиба Әбужақынова.

Әбиба алдағы әлемдік додаға екі дүркін қола жүлдегер ретінде аттанады. Бұған дейін ол 2022 жылы Ташкентте (Өзбекстан) және 2024 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленген.

Social Link

Follow Me On Social Media