Елордада 2025 жылғы 4 маусымда түн ортасында Нұра ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы өртке оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылардың ақпаратына сүйенсек, "7 бөшке" тұрғын кешенінің 6 мен 16 қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен 14-қабаттағы балконның жануы орын алды.
"100-ге жуық тұрғын өз бетінше далаға шығып, ТЖД күштері 15 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, өртті сөндіруде кірме жолдардың болмауы қиындық тудырған. Дегенмен, өз ісінің мамандары, атап айтқанда, жеке құрамнан 45 адам және 13 бірлік техника қызыл жалынды 250 шаршы алаңда ауыздықтай алды.
Бұған дейін Ақтауда тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынғаны хабарланған болатын.