What are you looking for?

Қазақстандық жеңіл атлет Грекияда өткен турнирде "алтын" жүлде иеленді

04.06.2025

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК мәліметіне сүйенсек, спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына енбеген болатын.

Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин (Грекия) – 188 сантиметр нәтижесімен иеленсе, қола медальді Стилиана Иоанниду (Кипр) – 188 сантиметр көрсеткішімен жеңіп алды.

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтындығы хабарланған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media