0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Үкімет мемлекеттік меншікті азайтып, бәсекелестікті күшейту үшін жекешелендіруді жалғастырып жатыр. Қазірге дейін жалпы құны 918 миллиард теңге болатын 400-ге жуық нысан жеке секторға берілген. Кейбірі қайта ұйымдастырылып, бірқатары сатылымға шығарылды. Тағы бірнешеуі сатуға дайындалып жатыр.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңесте айтылды. Сондай-ақ жиында ауыл шаруашылығына арналған жердің бәрі цифрлық форматқа көшірілетіні айтылды. Бұл – жер бөлу процесін ашық етуге көмектеседі. Кеңесте бұдан бөлек мемлекеттік нысандарды тікелей сату тоқтатылып, оларды тек аукцион арқылы сатуды заңдастыру ұсынылды. Үкімет басшысы жауаптыларға бірқатар міндет жүктеді.
Асылбек Данияр