What are you looking for?

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

04.06.2025

АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.

Social Link

Follow Me On Social Media