What are you looking for?

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды

05.06.2025

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/-1 п.т. дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық банк мәліметінше, бұл шешім инфляция тәуекелдерінің өсуі мен жаңартылған экономикалық болжамдарға байланысты қабылданды.

2025 жылғы мамырда жылдық инфляция 11,3%-ды құрады. Бағаның өсуіне реттелетін тарифтер мен қызметтер құнының қымбаттауы, азық-түлік инфляциясының жеделдеуі, сондай-ақ тұтынушылық сұраныс пен өндіріс шығындарының артуы әсер еткен. Халықтың инфляциялық күтулері де 14,1%-ға дейін көтерілді, — делінген мәліметте.

Сыртқы факторлар қатарында Ресейдегі жоғары инфляция, әлемдік азық-түлік бағасының өсуі және жаһандық нарықтағы тұрақсыздық атап өтілді. Brent мұнайының бағасына қатысты болжам да барреліне 60 долларға дейін төмендеді.

Ұлттық банк 2025 жылы инфляцияны 10,5-12,5% аралығында, 2026 жылы 9,5-11,5% деңгейінде болады деп күтуде. Ал 2027 жылға қарай инфляцияны 5,5-7,5%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Экономикалық өсім 2025 жылы 5-6%, 2026 жылы 4-5% деңгейінде болжануда. Өсуге ішкі сұраныс, инвестициялық белсенділік және құрылымдық реформалар ықпал етеді, — деп қосты банк.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде ұстау қажет деп санайды және қажет болған жағдайда оны қайта көтеруге дайын екенін мәлімдеді.

Social Link

Follow Me On Social Media