Жапонияда бала туу көрсеткіші кейінгі 125 жылда болмаған межеге дейін төмендеді.
Былтыр 125 миллион халқы бар елде небәрі 686 мың сәби дүниеге келген. Ал өлім деңгейі керісінше екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері ең жоғары көрсеткішке жеткен. Былтыр мұнда бір миллион 600 мың адам қайтыс болды. Жалпы күншығыс елінде бала туу көрсеткіші 1973 жылдан бері төмендеп келеді. Оған тұрғындардың жұмысбастылығы және халықтың қартаюы себеп. Қазір еңбекке қабілетті тұрғындар қатарына халықтың 60 пайызы ғана кіріп отыр. Мұның бәрі экономикаға кері әсер ете бастаған. Есептеулер бойынша 2040 жылға таман Жапонияда маман тапшылығы 11 миллион адамға дейін жетуі мүмкін.