Мемлекет басшысы Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдаған.
Қазақстан президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдаған еді.