What are you looking for?

Шерзат Полат ісі: Сотталғандар марқұмның отбасына 120 млн теңге төлеуі тиіс

05.06.2025

Соманың жартысын кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылған Абзал Шынасыл өтейді.

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар қаза тапқан жасөспірімнің отбасына 120 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Абзал Шынасылдан 60 миллион теңге, Равиль Сакиевтен 30 миллион теңге өндіріп алынды. Сонымен қатар, қалған сотталғандар мен Равиль Сакиев бірлесіп марқұм баланың туыстарына тағы 30 миллион теңге төлеуі тиіс.

"Жәбірленушілер тарапынан кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты азаматтық талап қойылған жоқ", – деп мәлімдеді сот.


Оқи отырыңыз: Талдықорғанда сот Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығарды


Айта кетейік, прокурор айыпталушыларға 7-23 жыл аралығында бас бостандығынан айыру туралы жаза сұраған болатын.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан қаза болды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады. 21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды.

Қылмыстық істің көлемі – 62 том.

Social Link

Follow Me On Social Media