Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы 2026 жылы АҚШ, Канада, Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Көрші ел тұңғыш рет мундиальда доп тебеді.
Өткен түні өзбек футболшылары Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен кездесіп, тең түсті. Бұл есеп Өзбекстанның әлем чемпионатына баруына жеткілікті болды. 9 турдан кейін олар 18 ұпаймен «А» тобында екінші орынға жайғасты. Ал Иран құрамасы 20 ұпаймен көш бастады. Тарихи жеңіспен ұлттық құраманы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев құттықтап, жігіттерге әлем чемпионатында сәттілік тіледі. Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Тимур Кападзе кезінде «Ақтөбе» футбол командасы сапында доп тепкен.