What are you looking for?

Шымкентте "Табиғатым байлығым" акциясы өтті

06.06.2025

Дүниежүзілік экология және қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шымкентте «Табиғатым байлығым» акциясы өтті. Тазалық іс-шарасына жастар ресурстық орталығының еріктілері, Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экологиялық акцияға қатысушылар Қазығұрт шағын ауданындағы орман шаруашылығына барып, қоқысты шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция өткізілетін орын бекерге таңдалған жоқ. Біз орман шаруашылығының ерекше қорғалатын аумағын, бұрынғы Комсомол көлінің маңын тазартамыз. Бұл акция Экология күніне арнап өткізіліп отыр. Оған Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен қоғам белсенділері қатысты, — деді жастар ресурстық орталығының өкілі Дана Ерханова.

Қазір ағаш егілген қыраттың шөбі қурап тұр. Алда-жалда бұл жерде өрт шықса, оны сөндіру қиынға түсеніті анық. Осы ретте төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді.

Жаз шыға өрт қаупі арта түседі. Өткен айда ауа температурасы өте жоғары болды. Қураған шөп пен шашылып жатқан қоқыстың бәрі өртке себеп болуы мүмкін. Иә, көп жағдайда өрт адамдардың салғырттығы мен жауапсыздығының салдарынан шығады. Бірақ, кейде өрт адамдардың қатысуынсыз, жәй ғана шишаның кесірінен де тұтанып кетуі мүмкін. Сондықтан даланы уақтылы күл-қоқыстан тазартып отырудың маңызы зор, -деді Тұран ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының бас инженері Нұрбек Тастамбек.

Social Link

Follow Me On Social Media