What are you looking for?

Боксшылар Нидерландта күш сынасады

07.06.2025

6-9 маусым аралығында Нидерландта бокстан «Eindhoven Boxcup» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мына шәкірттеріне сенім артып отыр: 50 кг – Даниял Сәбит, 55 кг – Махмуд Сабырхан, 60 кг – Ерхан Тұрдан, 65 кг – Ертуған Зейнуллинов, 70 кг – Абылайхан Жүсіпов, 75 кг – Сабыржан Ақхалықов, 80 кг – Ерасыл Жақпеков, 85 кг – Дәулет Тілемісов, 90 кг – Сағындық Тоғамбай және +90 кг – Нұрлан Сапарбай.

Social Link

Follow Me On Social Media